jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бизнес үшін болған жанжал": Алматы облысының тұрғыны танысын өлтіріп, денесін өртеп кеткен деген күдіккке ілінді

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Желіде Алматы облысы Қарасай ауданында өртенген көлік ішінен күйіп кеткен адамның денесі табылғаны туралы видео тарап жатыр. Аталған видеоға қатысты полиция өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өртенген көлік ішінен адам денесі табылғаны туралы видео Письма Президенту Telegram-арнасында жарияланған. Автомобиль Алматы облысы Қарасай ауданындағы демалыс аумағынан 31 наурызда табылғаны айтылады.

    "Полиция тез арада күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін есірткі таратқаны үшін сотталған Алматы тұрғыны болып шықты. Ол ер адамды бизнеске қатысты жанжал үшін басынан балғамен ұрып өлтіргенін мойындаған. Содан соң ізін жасыру үшін денені көлікке салып, өртеп жіберген. Артынша өзі кетіп қалған", - делінген видеоға жазылған түсініктемеде.

    Алматы облысы полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    "Жедел-іздестіру шаралары барысында "ізін суытпай" 43 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайын әділ түрде зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүзеге асырылып жатыр", - делінген хабарламада.

    "Бизнес үшін болған жанжал": Алматы облысының тұрғыны танысын өлтіріп, денесін өртеп кеткен деген күдіккке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.