jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жетісу облысында жасөспірім 85 жастағы қарияны соққыға жыққан (видео)

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: piqsels.com

    Жетісу облысы Өтенай ауылында жасөспірім зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан. Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Halyqstan Telegram-арнасында соққыға жығылған қарт адамның суреттері мен видеолары тарады. Аталған жазбада 15 жастағы мектеп оқушысы 85 жастағы қарияны соққыға жыққанын жазған.

    "10 сынып оқушысы 8 сынып оқушысына тиіскен. Мұны қыздың қарт туысы көріп қалған. Ол алыстан ұл балаға айқайлап, қыздан қолын тартуын сұраған. Бұған ашуланған жасөспірім қарияға жұдырық ала жөнелген (...).

    1939 жылғы ер адамды Талдықорған ауруханасына жеткізді. Тексеріс нәтижесінде ол омыртқа жарақатын алғаны анықталған", - делінген жарияланымда.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы заңды өкілінің кепілдігіне тапсырылды",— деп хабарлады ведомстводан.

    Бұдан бөлек, жасөспірімді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Жасөспірім профилактикалық есепке қойылып,Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жолданды.

    "Ювеналды полиция қызметкерлері осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр", – деп атап өтті полиция өкілдері.

    Жетісу облысында жасөспірім 85 жастағы қарияны соққыға жыққан (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.