jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Теміртауда зейнеткерді соққыға жықты деп күдікке ілінген жасөспірімдер екі айға қамауға алынды

    Қамау
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Теміртауда зейнеткерді соққыға жықты деп күдікке ілінген 9 адам, оның ішінде 7 жасөспірім екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

    Теміртауда зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

    "Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды. Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмағандар Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

    Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап туындайтынын атап өту қажет", - деп түсіндіреді облыс прокурасының өкілдері жасөспірімдердің қамауға алынуын.

    Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, жан-жақты және объективті тергеу жүргізіліп жатыр.

    Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Прокуратура өкілдері бұл факті бойынша бөлек тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Ведомстводағылар өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.