jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бұрынғы әйелін ұрып, оның анасының қабырғасын сындырған ақтөбелікке сот үкімі шықты

    Жұдырықпен ұру
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақпанда Ақтөбеде бұрынғы әйелі мен оның анасын соққыға жықты деген күдікпен сот алдына келген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Диапазон".

    Ол өзінің балаларынан бұрынғы әйелі басқа ер адаммен кездесіп жүргенін естіп, оны және бұрынғы енесін соққыға жыққан. Әйелдер отбасының шырқын бұзған ер адаман өздерін қорғауды сұраған. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

    Оқиға ақпан айында болған. 34 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің үйін келіп, шу шығарған. Ол оның басы мен бетінен ұрып, жерге құлатқан. Денесінен тебуді жалғастырған. Осы сәтте пәтерге оның бұрынғы енесі кіріп келіп, жылап жатқан қызын көреді. Ер адам оған да жұдырық ала жөнеліп, жерге құлатып, тізесімен кеуде тұсынан қатты басып тұрады.

    Одан бөлек басынан бірнеше рет тебеді. Салдарынан егде жастағы әйелде жабық бас-ми жарақаты, қабырғаны сынуы және кеуденің жабық жарақаты деген диагноз қойған. Осылайша ер адам сот алдына келді. Оған "адам денсаулығына қасақана орташа дәрежедегі зиян келтіру" және "адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру" баптары бойынша айып тағылған. Дегенмен ол оқиға басқаша болғанын айтып ақталды. Алайда сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, ол кінәлі деп танылды. Ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Бұрынғы әйелін ұрып, оның анасының қабырғасын сындырған ақтөбелікке сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.