Оқыс оқиға

Зектілері

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетіндегі шабуыл: министр күдікті ұсталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталған. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ.

Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу барысы тікелей бақылауымда.

Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлі заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп жазды министр Сәденов Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетінде ер адамның мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасаған сәтінің видеосы тараған еді. Жазба сипаттамасында оқиғаның Жамбыл облысында болғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2235620-zhambyl-oblysyndagy-zhanarmai-quiu-beketindegi-shabuyl-ministr-kudikti-ustalganyn-malimdedi/