jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте бұрынғы әйелін пышақпен жаралаған күдіктіге қатысты ІІМ пікір білдірді

    күдікті
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте бұрынғы әйеліне пышақ алып жүгірген күдіктіге қатысты іс бойынша пікір айтты, деп жазады kazinform.kz.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелінің мойны мен омыртқасын пышақпен жаралағаны туралы ақпарат тарады. Жәбірленушінің төрт баласы бар.

    "Аталған дерек бойынша "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу аясында кешенді медициналық сараптама жасалады. Мен бұл қылмыстық істі жеке бақылауымда ұстаймын", - деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

    Шымкентте бұрынғы әйелін пышақпен жаралаған күдіктіге қатысты ІІМ пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.