Алматыда көлікке оқ атты деген екі адам ұсталды
Жарияланған күні:

Желіде ер адамның орнынан қозғалып бара жатқан көлікке оқ атқан сәті түсірілген видео тарады. Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері күдіктілердің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Telegram-дағы "Твой Алматы" арнасында жарияланған, кадрлардан ер адам жүріп бара жатқан көлікке бірнеше рет оқ атқанын байқауға болады. Бейнежазба сипаттамасында видео Өжет шағын ауданында түсірілгені жазылған. Видеодан кадрдан тыс сөйлеп тұрған ер адамның дауысы да естіледі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстап, қаруларын тәркілеген.
"Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттегілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында TikTok желісінде қару ұстап түскен суретін жүктеген жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2236692-almatyda-kolikke-oq-atty-degen-eki-adam-ustaldy/