Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды: полиция қылмыстық іс қозғады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пистолет қаруы
Пистолет ұстаған адам. Көрнекі сурет: pexels.com

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Шымкент ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында атыс қаруын қолдану дерегі болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент полициясы өкілдері.

Осы қылмысты жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, бүгін қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке белгісіз біреу үш рет оқып, салдарынан шенеунік ауруханаға түскен.

Қазіргі таңда оған ота жасалып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram арнасында хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2237943-shymkent-akimining-orynbasary-ruslan-berdenovke-qastandyq-zhasaldy-politsiia-is-qozgady/