"Қоқан-лоққы көрсеткен": Руслан Берденовке кім және қандай себеппен қастандық жасауы мүмкін екені айтылды
Жарияланған күні:

Руслан Берденовтің партияласы Бейбіт Әлібеков Шымкент әкімінің орынбасарына шабуыл жасауға не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Әлібеков өзінің Telegram-арнасында жазды.
"Өз басым бұл Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнату мәселесіне қатысты деп ойлаймын. Букмекерлер болуы екіталай. Бүгін ғана осы тақырыпта айқасты отырыс болған. Русланға қоқан-лоққылар көрсетті деп айтты маған. Боттар жазып жатқан дәйектер шындыққа жанаспайтыны анық", - деп жазды Әлібеков.
Айта кету керек, бүгін қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке белгісіз біреу үш рет оқып, салдарынан шенеунік ауруханаға түскен.
Қазіргі таңда оған ота жасалып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram арнасында хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2237946-qoqan-loqqy-korsetken-ruslan-berdenovke-kim-zhane-qandai-sebeppen-qastandyq-zhasauy-mumkin-ekeni-aityldy/