jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберген: тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

    нәрестенің аяғы
    Нәрестенің аяғы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда жүкті әйел пойызда босанып, шақалақты пойыз терезесінен сыртқа лақтырып жіберген. Оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы бұл жайтқа қатысты портал тілшісіне түсінік берді.

    "Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соның аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөзге берген хабарламасында.

    Бұған дейін желіде аталған оқиға 20 сәуірде "Қызылорда - Астана" бағытындағы пойызда болғаны туралы ақпарат шықты. Нәрестенің денесі табылып, одан тіршілік белгісі жоқ екені анықталған.

    Қазақстанда пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберген: тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.