jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақмола облысында жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған

    пәтер кілті
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ақмола облысындағы аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Бұл туралы облыс прокуратурасы өкілдері ресми сайтында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық прокуратура өкілдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқылы екенін атап өткен.

    Сонымен қатар прокуратура жергілікті атқарушы органдар балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығын бұзғанын мәлім етті.

    "33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

    Мысалы аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған", - делінген хабарламада.

    Прокуратура мәліметінше, қадағалау актісімен пәтер қайтарылып, балаға берілген. Қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқығын қалпына келтіру шаралары қолға алынды.

    Ақмола облысында жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.