jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы облысында темір жолдан жансыз адам денесі табылды

    Темір жол
    Темір жол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Кеше кешкісін Алматы облысында теміржол бойында жансыз адам денесі табылды - тергеу басталды, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Компания мәліметінше, 2025 жылғы 7 мамырда сағат 20.52-де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты қозғалысын дереу тоқтатып, тежегішке басқан.

    Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізіліп жатыр.

    Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп белгіленген тәртіппен тексерілуде.

    "ҚТЖ" ҰК" АҚ пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейтінін еске салды.

    Алматы облысында темір жолдан жансыз адам денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.