jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында 16 жастағы қызды моншада жасырын видеоға түсіріп алған

    жуыну бөлмесі
    Жуыну бөлмесі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Алматы облысындағы қоғамдық моншалардың бірінде кәмелетке толмаған қызды әлдекім жасырын видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жағдайға қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

    "Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде қоғамдық моншада қызды жасырын видеоға түсірген жасөспірімді анықтап, бөлімшеге жеткізді", - деп хабарлады ведомство өкілі.

    Жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар полицейлер әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына қосымша профилактикалық шаралар қабылдау туралы және мұндай мінез-құлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.