"Оқтаумен ұрған": Жамбыл облысында асырап алған баласына қол көтерген әйел жазаланды
Опубликовано:

Жамбыл аудандық сотында кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әйел адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен бала әйел асырауынан алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта 2024 жылдың желтоқсан айында сотталушы К. өзінің үйінде 1 млн теңге ақша қаражатының жоғалғанын анықтап, оны өзінің асырап алған ұлынан көргені анықталды. "Ақшаны алмадым" деген ұлын әйел адам ағаш оқтаумен де сабаған. Келесі күні колледж оқытушылары баланы ауруханаға апарады. Сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған М-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші М. асырап алған анасына ешқандай шағымы жоқ екенін, оны кешіретінін, бірақ онымен бірге өмір сүргісі келмейтінін айтты.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2245464-oqtaumen-urgan-zhambyl-oblysynda-asyrap-algan-balasyna-qol-kotergen-aiel-zhazalandy/