jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған қазақстандық Армениядан экстрадицияланды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қауіпті қылмысты қайталаған қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения елшілігінің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады.

    "2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында аталған тұлға мас күйде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, ол шұғыл медициналық көмектің арқасында аман қалды.

    Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Былтыр қазанда ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланған.

    Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Бас прокуратура мәліметінше, қылмыс жасағаны үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

    Кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған қазақстандық Армениядан экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.