jitsu gif
Оқыс оқиға

    Өскеменде ер адамды ұрып өлтіріп, мәйітін ауруханаға тастап кетті деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

    Түрме торы
    Түрме. Көрнекі фото: Instants/Getty Images

    Өскемен қаласында ер адамға жабылып, сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған бірнеше күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Белгілі болғандай, жігіттер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде бірнешеуі бір жігітке жабыла жөнелді. Оны ұрып өлтірген соң мәйітін Абай даңғылындағы аурухана маңына тастап кеткен.

    ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер ұсталды.

    "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.