Астанада жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды
Опубликовано:

2 маусымда елордада жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департамент өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, Астанадағы жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Жолаушылар денсаулығына ауыр зиян келтірген автобустың жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр", - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, 2 маусымда желіде жол апатына түскен жолаушылар автобусының видеосы тарағанын жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, автобус бағанаға соғылған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткен.
Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.
3 маусымда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы туралы айтты. Бір пациентке аяқ ампутациясы жасалған.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2251833-astanada-zhol-apatyna-ushyragan-avtobustyng-zhurgizushisi-qamauga-alyndy/