jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында студент қыздың денесі табылды

    бойжеткен
    Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

    Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде колледж студентінің денесі табылды. Күдікті "ізі суымай" ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 маусымда сағат 07:05-те Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды.

    Ведомствоның мәліметінше, күдіктіні полицейлер "ізін суытпай" ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қылмыстық іс қозғалды.

    "Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп атап өтті Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Еске сала кетейік, 5 маусымда Құлсары қаласында жоғалып кеткен 2018 жылғы қыз баланың денесі табылған еді. Баланың өліміне күдікті ретінде 36 жастағы тұрғын ұсталғанын хабарлағанбыз.

    Түркістан облысында студент қыздың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.