jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Интерпол Камбоджаға жұмыс істеуге барған қазақстандық қызды құтқарып қалды

    Көңіл-күйі түскен бойжеткен
    Бойжеткен. Иллюстрациялық фото: Tinnakorn Jorruang / Getty Images

    Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметі ел азаматын еңбек құлдығынан құтқарып қалды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz медиапорталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Медиапорталдың жазуынша, қазақстандық қыз Камбоджаға қонақүй әкімшісі ретінде жұмысқа тұру үшін барған. Алайда шетелге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа мақсат тұрғаны анықталған. Ол еңбек құлдығына түсу қаупіне тап болған.

    Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдаған.

    "Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды. Қазіргі уақытта қазақстандық аруды алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген хабарламада.

    Осы орайда полиция өкілдері шетелдегі жұмыс туралы ұсыныстарға аса сақтықпен қарауға шақырады. Себебі мұның салдары еңбек құлдығына әкелуі мүмкін. Әрдайым жұмыс беруші туралы ақпаратты тексеру, ресми дереккөздерден ақпарат жинау маңызды.

    Интерпол Камбоджаға жұмыс істеуге барған қазақстандық қызды құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.