jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Перизат Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлері ұрғанын айтты: полиция мәлімдеме жасап, видео жариялады

    Тергеу изоляторы
    Тергеу изоляторы. Видеодан скриншот: instagram.com/police__astana

    Перизат Қайраттың "тергеу изоляторы қызметкерлері соққыға жықты" деген мәлімдемесіне қатысты Астана полиция департаменті жауап беріп, видео жариялады. Бұл туралы елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, 9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде есік арасына қысылып қалғанын, осылайша, дене жарақатын алғанын мәлімдеген.

    "Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды.

    Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

    Айта кетейік, 9 шілдеде Астанада 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты ісі бойынша сот процесі басталды. Алдын ала сот тыңдалымы кезінде Перизат Қайрат кінәсін мойындамайтынын, сондай-ақ тергеу изоляторының қызметкерлері соққыға жыққанын айтты.

    Перизат Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлері ұрғанын айтты: полиция мәлімдеме жасап, видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.