jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бас прокуратура: Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы БАӘ-ден экстрадицияланды

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr

    Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялағанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

    Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.

    Құзырлы органның мәліметінше, күдіктіге тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

    Бас прокуратура: Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы БАӘ-ден экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.