jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Шашынан ұстап, құлатқан": Павлодарда көшеде әйел жасөспірім қызды соққыға жыққан

    Жылап отырған қыз
    Жылап отырған жас қыз. Көрнекі сурет: doidam10 / Getty Images

    Күндіз Павлодар қаласының орталығында 13 жасар қыз соққыға жығылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел адам мектеп оқушысына артынан тұтқиылдан келіп, шашына бас салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлер ересек әйелдің жасөспірімнің артынан келіп, шашынан ұстап жерге құлатқанын айтады. Оқыс оқиға 11 шілдеде болды. Сондай-ақ мектеп оқушысы жеті жасынан бастап белгілі бір дерттен емделуде, соған қарамастан, ол сабағын жақсы оқиды, көпшіл, ешкімге өшпенділігі жоқ.

    Аталған жағдайға байланысты Палодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева түсініктеме берді:

    "Көшеде кәмелетке толмаған баланың денесіне зақым келтірді деген күдікті әйелдің жеке басын полиция анықтайтын болады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 109-1-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ұрып-соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды".

    "Шашынан ұстап, құлатқан": Павлодарда көшеде әйел жасөспірім қызды соққыға жыққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.