jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Перизат Қайрат сотта Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады

    Бауыржан Байбек
    Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сот отырысында Перизат Қайрат сөз арасында бұрынғы Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    "Сұрақ-жауап бөлімін қордың құрылтайшыларынан бастаса деймін, себебі айыптау актісінің бірінші абзацында мені анаммен бірге қор құрды, жалған қол жинады деп айыптап отыр.

    Ал бұл қор партия жанынан, Бауыржан Байбек мырзаның басшылығы кезінде құрылған. Барлық құрылтайшы – мені қоспағанда, кейбірі бұрынғы, ал кейбірі әлі күнге партияда жұмыс істеп жүрген қызметкерлер", - деді Перизат Қайрат сот отырысында.

    Айта кетейік, бүгін прокурорлар айыптау актісін жариялады. Алайда Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.

    Перизат Қайрат сотта Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.