jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "10 млрд теңге залал келтірген": Алматыда Қытайдан контрабандалық тауар әкелген кәсіпкерлер сотталды

    кісен және ақша
    Кісен және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы қаласында Қытайдан халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеді.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тергеу барысында Group of the Companies TDA ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз жолмен елімізге кіргізгені анықталған.

    Сонымен қатар олардың бақылауындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған.

    Мемлекетке келтірілген залал – (қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және кедендік төлемдер бойынша) 10 млрд теңге.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды. Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке (жер телімдері, автокөліктер, багги көліктері, жылжымалы шатырлар және т.б.) шектеу қойылды.

    Бұған қоса аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.

    Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаларға мүлкі тәркілене отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сонымен қатар іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.

    "10 млрд теңге залал келтірген": Алматыда Қытайдан контрабандалық тауар әкелген кәсіпкерлер сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.