jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар тұрғыны таныс әйелдің бетіне ауыр жарақат салды деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілді

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Желіде "таныс әйелдің бетін пышақпен жаралады" деген Павлодар тұрғыны туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті өкілдері күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Әлеуметтік желіде Павлодар көшелерінің бірінде ер адамның әйелдің бетіне пышақпен ауыр жарақат салғаны туралы ақпарат тараған. Хабарламада күдіктінің әлі де бостандықта жүргені, ал әйелдің беті қатты зақымданып, тігіс салынғаны жазылған.

    Павлодар облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

    "Белгілі болғандай, 20 шілде күні Малайсары батыр көшесіндегі аулада ер адам таныс әйелдің бетін жарақаттаған. Күдікті анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады департаменттегілер.

    Басылым мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.

    Павлодар тұрғыны таныс әйелдің бетіне ауыр жарақат салды деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.