jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жүргізуші куәлігінен айырылған елорда тұрғыны мас күйде полициядан қашып, патруль көлігімен соқтығысты

    полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада жүргізуші куәлігінен айырылған адам алкогольге мас күйде автокөлік тізгінін ұстаған. Полиция қызметкерлері тоқтатпақ болғанда, ол талапқа бағынбай, қашқан. Көп ұзамай жүргізуші патрульдік автокөлікке соқтығысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

    Қалалық прокуратура мәліметінше, алкогольдік мас күйдегі ер адам қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

    "Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

    Сотталушы келтірілген материалдық шығынды толық өтеген.

    Прокуратура көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольге, есірткіге немесе уытқұмарлық мас күйде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алып келетінін ескертеді.

    Жүргізуші куәлігінен айырылған елорда тұрғыны мас күйде полициядан қашып, патруль көлігімен соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.