Маңғыстау облысында үйлену тойының арты төбелеске ұласты (видео)
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында тойда төбелес шығарған қонақтар ұсталды. Салдарынан қылмыстық іс қозғалды, деп жазады полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылдың 1 тамызында Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында "Салтанат палас" мейрамханасының алдында бірнеше адамның төбелесіп жатқан видеожазбасы тарағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті тұлғалар анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес олар Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция ұсынған хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2271642-manggystau-oblysynda-uilenu-toiynyng-arty-tobeleske-ulasty-video/