jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда кафеге жапсарлас салынған қосалқы нысан бұзылды (фото)

    экскаватор сүріп жатыр
    Экскаватор. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Алматыда кезекті заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, Жұмабаев көшесі, 23б мекенжайындағы кафеге жапсарлас салынған қосалқы нысанды сот шешімі бойынша бұзу туралы шешім қабылданған.

    Себебі жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттарынсыз, қосалқы нысанды заңсыз салғаны анықталған.

    Заңсыз салынған қосалқы нысан
    Заңсыз салынған қосалқы нысан. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, кейін істі қаланың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

    "2025 жылғы 27 маусымда Мамандандырылған ауданаралық сот меншік иесін кінәлі деп тауып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу жөнінде қаулы қабылдады", - делінген хабарламада.

    кафе
    Кафе. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Сот шешімін орындау мақсатында құрылыс меншік иесінің күшімен толықтай бұзылған.

    Алматыда кафеге жапсарлас салынған қосалқы нысан бұзылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.