Қарқаралыда бүтін бір отбасы жартасқа есімдерін жазып кеткен: отағасы жауапқа тартылды
Опубликовано:
Читать на русском
Қарқаралыда жартасқа бір отбасы мүшелері аты-жөндерін жазып кеткен, отағасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы "Вечерняя Караганда" арнасына сілтеме жасап.
Желіде Қарқаралыдағы адамдардың есімдері жазылған жартас түсірілген бейнежазба тарады, онда бір отбасы мүшелерінің аты-жөні жазылған.
Полицейлер бұл отбасын анықтады. Олар Қарағанды қаласының тұрғындары болып шықты.
1977 жылы туған ер адамға қатысты "ұсақ бұзақылық" және "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын бұзу" баптары бойынша екі хаттама толтырылды:
Бұл факті бойынша материалдар сотқа жолданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2280364-qarqaralyda-butin-bir-otbasy-zhartasqa-esimderin-zhazyp-ketken-otagasy-zhauapqa-tartyldy-video/