jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Экс-вице министр Ерлан Қожағапановқа қатысты іс: сот апелляциялық шағым бойынша шешім шығарды

    Ерлан Қожағапанов
    Ерлан Қожағапанов. Фото: ortcom.kz

    Астана соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды. Бұған дейінгі сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда Ерлан Қожағапанов Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Іс бойынша екінші айыпталушы Success К компаниясының басшысы Ләззат Көккөзова 190-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

    Кейін Ерлан Қожағапановты қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсіргені белгілі болды.

    Елордада өткен сотта апелляциялық шағым қаралды. Экс-вице-министр мен Ләззат Көккөзованың қорғаушылары олардың кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты. Ал прокуратура керісінше жазаны қатаңдатуды талап етіп, Ерлан Қожағапановқа бас бостандығынан айыру мерзімін 7 жылға дейін ұлғайтуды сұрады.

    Бүгін сот шешімі шығып, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, үкім өзгеріссіз қалды. Ерлан Қожағапанов пен Ләззат Көккөзова осыған дейін белгіленген жазаны өтейді.

    Экс-вице министр Ерлан Қожағапановқа қатысты іс: сот апелляциялық шағым бойынша шешім шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.