jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҰҚК Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысын ұстады

    қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: kuppa_rock / Getty Images

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбектің ұсталғанын растады. Нұрбол Жүнісбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттіктің хабарлауынша, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

    Шенеунік аталған басқарма басшысы қызметіне 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған. Ақпарат агенттігінің дерегінше, ұстау оқиғасы Астанада болған. Шымкент әкімдігінде Жүнісбековтің бұл кезде еңбек демалысында жүргені нақтыланды.

    "Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің ресми жауабында.

    Нұрбол Жүнісбеков 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында қаланың Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарды, ал наурыз айынан бастап Тұрғын үй басқармасына басшы болып тағайындалды.

    ҰҚК Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысын ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.