jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері мен басқа да мүлкі аукционға қойылады

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Су тасқыны кезінде халықтан жинаған ақшаны талан-таражға салды деп сотталған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері мен бренд әшекей бұйымдары ашық саудаланады. Саудадан түскен қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі. Істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған еді.

    Ал сот процесі кезінде Перизат Қайрат атаған тұлғаларға қатысты іс жүргізілмейді. Себебі қор қаражатын жымқырған басқа тұлғалар анықталмаған. Бұл туралы бүгін сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары айтты.

    "Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған өзге тұлғалар анықталған жоқ. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі", - деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистерге.

    Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері мен басқа да мүлкі аукционға қойылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.