jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ермегияевке мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына тағы да рұқсат берілмеді

    Талғат Ермегияев
    Фото: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

    Бүгін Алматы облыстық соты "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы жеке шағымын қарады. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ермегияевтің адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

    Сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға негіз таппады.

    " Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі, тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ", - делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

    Қаулы заңды күшіне енді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан болатын.

    Талғат Ермегияев 2016 жылы 9 маусымда ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Ермегияевке мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына тағы да рұқсат берілмеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.