jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҰҚК бір ай ішінде шекарада заң бұзған төрт мыңнан астам адамды ұстады

    ҚР ҰҚК шекара қызметі
    Көрнекі фото: ҚР ҰҚК шекара қызметі

    Биыл қыркүйекте Қазақстан шекарасында заң бұзған 4634 адам ұсталды, соның ішінде 3954-і шетел азаматы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 634 адамды ұстады, соның ішінде 3 954- і – шетел азаматтары.

    Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 349 фактісінің алды алынды.

    Атап айтқанда, қарулар мен оқ-дәрілер алып өтудің 45 фактісі анықталды – 1 дана жарақаттайтын қару, 2 дана пневматикалық, 54 дана суық қару, 12 дана "АК-74" шолақ автоматтары, 101 дана оқ-дәрі);

    Одан бөлек сомасы 25 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарын алып өтудің 478 факті, сомасы 1,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарларын шекарадан 657 рет заңсыз өткізу фактісі, сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өтудің 180 фактісі анықталған.

    Сонымен қатар Каспий акваториясында 103 браконьерлік фактілерінің алды алынды. 15 жүзу құралы, ұзындығы 30 км асатын тор, 643 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

    Шекара қызметінің мәліметінше, алды алынған залал сомасы – шамамен 258 млн теңге.

    Бұл фактілер бойынша материалдар заң бұзды деген күдіктілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

    ҰҚК бір ай ішінде шекарада заң бұзған төрт мыңнан астам адамды ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.