jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді

    Сүрілген дәмхана
    Сүрілген дәмхана. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан заңсыз салынған дәмхана сүрілді, деп хабарлайды Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз салғаны белгілі болған.

    Сүрілген дәмхана
    Сүрілген дәмхана. Фото: Алматы әкімдігі

    "Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды. Биыл 29 қыркүйекте меншік иесі басқарма ұйғарымының талаптарын орындау үшін заңсыз құрылысты сүрді", - делінген хабарламада.

    Сүрілген дәмхана орны
    Сүрілген дәмхана орны. Фото: Алматы әкімдігі

    Айта кетелік, бұған дейін Жұмабаев көшесінде орналасқан кафеге жапсарлас салынған қосалқы нысан бұзылған еді. Тексеру барысында оның да заңсыз салғаны анықталған.

    Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.