jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген

    Қаражат
    Аұша санып отырған ер адам. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Елімізде жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, министрлікке қарасты Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.

    Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке келіп түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру мақсатында кездесулер өткізілген. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған.

    Хаттамамен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, сот тәртібімен қаралады.

    Министрлік ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салды.

    Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК болып белгіленеді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.

    Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.