jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Халықаралық іздеу жарияланды: Қайсар Қамзаға қатысты істің мән-жайы белгілі болды

    Қайсар Қамза
    Қайсар Қамза. Фото: instagram.com/qais_arr

    Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады. Ведомство оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қайсар Қамза Бақытжанұлына неліктен халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.

    Ведомство мәліметінше, сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған.

    "Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

    Күдікті 5 жыл бойы Instagram желісінде, qais_arr атауымен (2,4 млн жазылушысы бар) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушысы бар) басқарған.

    Күдікті желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жазбаларды жүйелі түрде жариялап отырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен", - дейді агенттік өкілі.

    Осылайша Қайсар Қамза азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырды деген күдікке ілінді.

    ҚМА дерегіне сүйенсек, заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

    Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

    ҚМА өкілдері іздеуде жүрген блогердің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарға оны Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды:

    Кезекші бөлім: +7 7172 70 84 78

    Бұған дейін блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынғанын хабарлағанбыз. Тиісті ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

    Халықаралық іздеу жарияланды: Қайсар Қамзаға қатысты істің мән-жайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.