jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Талғарда азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

    Пышақ ұстап тұрған ер адам
    Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Оны өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

    Әйелдің денесіндегі жарақаттарды туыстары анықтаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.

    "Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция.

    Талғарда азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.