jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада полиция қызметкеріне оқ атылды: қылмыстық іс қандай бап бойынша қозғалды

    күдікті ұсталды
    Күдікті ұсталды. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress

    Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов сенат кулуарында Астанада полиция қызметкері отырған көлікке оқ ату ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Санжар Әділов жарақат алған полиция қызметкері мен ұсталған ер адам бірімен-бірі таныс емес екенін мәлімдеді.

    "Біздің қызметкер дереу іске көшіп, көшеде жүрген қарулы адамды ұстауға әрекет етті. Оқиға қаланың басты көшелерінің бірінде болды. Патруль шақырылған соң, ол көшеде қаруланған адам жүргенін көріп, күдіктіні ұстап, қарусыздандыру үшін шара қолданды, күдікті оның арқа тұсынан атып үлгерді", - деді ол.

    Вице-министрдің айтуынша, полиция қызметкері қазіргі уақытта емделіп жатыр, ал алғашқы күндері ол жансақтау бөлімінде болған.

    "Күдікті қарусыздандырылғаннан кейін басқа қызметкерлеріміз келіп жетті, күдікті ұсталды және соттың санкциясымен ол қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталғаны үшін қамауда", - деді Санжар Әділов.

    Еске сала кетейік, Астана қаласы полиция департаменті өкілдері 15 қаңтарда жолда кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісіне 21 жастағы қала тұрғыны аңшы мылтығынан оқ атқанын мәлім еткен болатын. Зардап шеккен азамат құқыққорғау органының қызметкері және оқиға болған кезде еңбек демалысында болған.

    Болған оқиға туралы зардап шеккен арнайы жасақ қызметкерінің өзі "102"-ге қоңырау шалып, хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару тәркіленді.

    Кейін дәрігерлер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты.

    Астанада полиция қызметкеріне оқ атылды: қылмыстық іс қандай бап бойынша қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.