jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бас прокурордың орынбасары іздеуде жүрген Арғын Нығматулиннің ісіне қатысты түсінік берді

    Арғын Нығматуллин
    Арғын Нығматуллин. Фото: saryarka-hc.kz

    Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасына қатысты іс бойынша соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Арғын Нығматулинге қатысты Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол іздеуде. Біз айналысып жатырмыз (осы іспен – автордың ескертпесі)", - деді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

    Айта кетелік, бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге іздеу жарияланы хабарланған. Ақпарат бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

    Бас прокуратура өкілдері мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге не үшін іздеу жариялағанын түсіндірген.

    Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Нығматулин күдікті деп танылып, оған қатысты сот санкциясы арқылы қамауға алу түріндегі шара таңдалды.

    Бас прокурордың орынбасары іздеуде жүрген Арғын Нығматулиннің ісіне қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.