jitsu gif
Саясат

    Арғын Нығматулинге не себепті іздеу жарияланды: Бас прокуратура мән-жайды түсіндірді

    Қылмыстық іс құжаттары
    Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бас прокуратура өкілдері мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Нығматулин А.З. және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Нығматулин А.З. күдікті деп танылып, оған қатысты сот санкциясы арқылы қамауға алу түріндегі шара таңдалды. Оған шетелде болуына байланысты іздеу жарияланды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

    Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

    Айта кетелік, бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге іздеу жарияланы хабарланған. Ақпарат бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.