jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау облысында 73 жастағы әйелдің денесі табылды: күдікті ұсталды

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Атырау облысында көлік гаражынан 73 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой Город"-қа сілтеме жасап.

    Басылымның Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, 19 ақпанда Орал қаласының 73 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

    "Әйел Мақат ауданына келген. Полицейлер ақпаратты тексеру үшін дереу тұрғылықты жеріне барған. Үйді және ауланы тексеру кезінде гараждан зейнеткердің денесі табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды" - делінген хабарламада.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның айтуынша, ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелге дене жарақатын салған. Туыстары зейнеткердің бір айдан астам байланысқа шықпағанын хабарлаған. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Атырау облысында 73 жастағы әйелдің денесі табылды: күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.