Атырау облысында бір отбасының жоғалуы: қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәжіліс кулуарында Атырау облысында жоғалған отбасы ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ІІМ-нің баспасөз қызметі Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында Атырау облысында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлаған еді.
Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.
Санжар Әділовтің айтуынша, олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
"Оларды Қазақстан Республикасына қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Жұбайлардың екеуі де күдікті. Із-түссіз жоғалып кеткен екі адамды іздеу жалғасуда. Атырау облысында арнайы топ жұмыс істеп жатыр", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.
Айта кетелік, қаңтардың басында Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының – ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Облыстық ПД жариялаған бағдарға сәйкес, Мақсот Қарабалинге, Нәсіп Өтешқалиеваға және Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевқа іздеу жарияланған.
6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Сондай-ақ күдіктік мен оның әйеліне халықаралық іздеу жарияланды.
Бұдан бөлек, полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2347395-atyrau-oblysynda-bir-otbasynyng-zhogaluy-qaza-tapqan-zeinetkerlerding-qyzy-da-kudikke-ilindi/