Атырау облысында жоғалған отбасы: тағы екі адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырау маңында хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мирамгүлдің денесі табылды. Күдікті олардың қайда екенін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, екі адамның денесі Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы бұрын жалға алған Геолог ауданындағы үйдің ауласынан табылған. Марқұмдардың денесі қай жерде екенін күдікті Сәрсемәлиевтің өзі хабарлаған.
Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырау тергеушілері ол жерде қайтадан жұмыс жүргізіп, екі денені тапты.
Бұған дейін күдіктінің бұрын тұрған ауданында іздеу жұмыстары белсенді жүріп жатқаны айтылған болатын. Ол үшін күш-құралдар, арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, жер асты нысандарын анықтауға арналған георадар пайдаланылды.
Сонымен қатар кеше Жангелдин ауылында тұрған ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірді деген күдіктілердің Индонезиядан Қазақстанға жеткізілгені белгілі болды.
Еске сала кетейік, Атырау облысы Жангелдин ауылында тұрған ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі өз үйінен өлі табылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2351814-atyrau-oblysynda-zhogalgan-otbasy-tagy-eki-adamnyng-denesi-tabyldy/