jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атыраулық ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты іс: күдіктілер Қазақстанға жеткізілді

    Қолы кісенделген ер адам
    Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 9 наурызда Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптыны қатыгездікпен өлтірді деген күдіктілер Индонезиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

    Басылымның дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, бұған дейін Индонезияда ұсталған күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді.

    Басылым мәліметінше, олар 9 наурызда Алматыдан ұшып келген.

    Атырау облысындағы отбасының жоғалуы

    Еске сала кетейік, қаңтардың басында Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болды. Жоғалған адамдар тізімінде ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен олардың екі үлкен баласы болды.

    Облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес, Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлына, Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызына, Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызына, Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлына іздеу салынды.

    6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Сондай-ақ күдіктік мен оның әйеліне халықаралық іздеу жарияланды.

    Бұдан бөлек, полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

    24 ақпанда Қазақстан ІІМ Атырау облысындағы екі адамды өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағанын мәлімдеді.

    Кейін қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікке ілінгені белгілі болды. Ол да Индонезияда ұсталған.

    27 ақпанда ІІМ-нің Telegram желісіндегі арнасында күдіктінің ұсталған сәтінен видео жарияланды. Операция Индонезияда жүргізілген.

    Атыраулық ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты іс: күдіктілер Қазақстанға жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.