БҚО полициясы ауыл әкімінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
БАҚ-та БҚО-дағы Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллиннің мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы хабарламалар шықты. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Уральская Неделя" басылымының хабарлауынша, Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллинді 12 наурызда түнде полиция мас күйде ұстаған.
"Әкімнің өзі ауырып қалғанын, аурухана төсегінде жатқанын айтты және "Дорожный контроль" лақап атымен танымал блогердің қоңырауына жауап бергісі келмеді. Дегенмен ол мас күйде көлік жүргізгені үшін полицияға ұсталғанын мойындады", - делінген жазбада.
БҚО Полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Ақжайық ауданының Чапаев ауылы маңындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген жүргізушіні анықтағанын хабарлады.
"Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды" - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2356199-bqo-politsiiasy-auyl-akimining-ustalgany-turaly-aqparatqa-qatysty-tusinik-berdi/