Шахтинсктегі тұрғын үйде болған өрт: күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде сегіз адам зардап шеккен өртке қатысты іс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Шахтинск қаласында бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
"Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасыныда жатыр және оны жасақ күзетіп тұр", - дейді ПД өкілдері.
Сауыққаннан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалады.
Еске сала кетейік, 22 наурыздан 23-іне қараған түні Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті. Олардың ішінде полиция қызметкерлері де бар екенін хабарлағанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2357445-shahtinsktegi-turgyn-uide-bolgan-ort-kudikti-ustaldy/