Бас прокурордың орынбасары Санжар Боқаевқа тағылып отырған айыпқа қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Cенаттағы брифингте бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты және оған тағылған айыптар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ол алаяқтық арқылы ірі көлемде ақша ұрлады және ағаштарды заңсыз кесу әрекетін ұйымдастырды деген күдікке ілінген", - деді Өтегенов.
Журналистер Бас прокуратура өкілінен тергеу күдіктінің ұрлықты қай кезеңде және қай жұмыс орнында жасады деп отырғанын сұрады.
"Ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде. Тергеу аяқталғаннан кейін біз толық ақпарат береміз", - деді бас прокурордың орынбасары.
Бас прокуратура бұған дейін Санжар Боқаевтың жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желіде жеке тұлғалардың саябақтарда ағаштарды заңсыз кесіп, құрылыс алаңдарынан мүлік ұрлап жатқаны туралы бейнежазба жариялағанын мәлімдеген еді.
Ведомстводағылар оның ұсталғаны туралы мәлімет берді.
Кеше Боқаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2360856-bas-prokurordyng-orynbasary-sanzhar-boqaevqa-tagylyp-otyrgan-aiypqa-qatysty-pikir-bildirdi/