Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сот алаяқтық және пара алу бойынша айыпталған шенеунікті кінәлі деп танып, Toyota автокөлігін тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте, сот органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қандай да бір лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салынған.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Өңір әкімдігі аталған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ екенін, қолда бар деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметші денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғанын хабарлады.
Кейінірек ҰҚК шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ оған екі бап бойынша айып тағылғаны белгілі болды: ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (Ірі көлемдегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ірі көлемде пара алу).
Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып 2025 жылғы сәуірде тағайындалған болатын. Бұдан бөлек, ол алты жылдан астам уақыт Өскемен қаласының әкімі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2361345-zhaqsylyq-omarga-qatysty-sot-ukim-shyqty/