jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Көршісі мен оның анасын өлтірген: Қызылордадағы қанды қылмыс бойынша ер адам өмір бойына сотталды

    Сотталған қызылордалық ер адам
    Сотталған қызылордалық ер адам сот залында. Кадр видеодан: Almaty.tv

    Қызылордада 49 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған 34 жастағы көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірді деген айып тағылған, деп жазады "Алматы" телеарнасы.

    Жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше болған. Қайғылы оқиға қаңтар айында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Бүгін сот резонанстық іске соңғы нүктесін қойды.

    "Сот үкімімен сотталушы Ш ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 1,5-тармақтарымен, ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің58-бабы 4-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы  түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", - деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбекұлы.

    Көршісі мен оның анасын өлтірген: Қызылордадағы қанды қылмыс бойынша ер адам өмір бойына сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.